үй Әлем жаңалықтары ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

14
0

575 rob

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі шешімін іске асыру мақсатында Қазақстанның бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұйым қызметін жетілдіру мәселелері бойынша алғашқы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

Іс-шараға ШЫҰ ұлттық үйлестірушілері, мүше мемлекеттердің бейінді министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығы мен ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқару комитетінің басшылығы қатысты.

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

Консультацияға қатысушыларға арнаған сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес басталғанын атап өтті. Ол ШЫҰ-ның барлық органдарының қызметін сараланған кешенді тәсілді және терең талдауды талап ететін алдағы жұмыстың өзектілігі мен ауқымдылығын атап өтті.

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

Қазақстандық тарап нормативтік-құқықтық базаны түгендеу, ШЫҰ-ның негізгі органдарының жұмысын оңтайландыру, кадр саясаты, қаржы жүйесі, сондай-ақ диалог бойынша бақылаушылармен және әріптестермен одан әрі өзара іс-қимыл бойынша тұжырымдамалық көзқарасты және бірлескен әрекеттердің нақты алгоритмін ұсынды.

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

Консультацияларға қатысушылар жұмыстың одан әрі тәртібін айқындайтын шаралар бойынша пікір алмасты және ШЫҰ қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарымен таныстырды.

ШЫҰ қызметін жетілдіру Астанада талқыланды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды. Мүше мемлекеттер: Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы

Источник: dknews.kz