үй Әлем жаңалықтары Щучинск қаласында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті: Қасым-Жомарт Тоқаев турнирге қатысушыларға...

Щучинск қаласында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті: Қасым-Жомарт Тоқаев турнирге қатысушыларға құттықтау хатын жолдады

0

848 Awrora

Фотосурет: с сайта 716.kz

Щучинск қаласында (Ақмола облысы) жастар мен жасөспірімдер арасында биатлоннан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Жарысқа әлемнің 38 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Норвегия, Австрия, Жапония, Ұлыбритания және басқалары бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Турнирге қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәттілік тіледі.

«Сіздерді биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ашылумен құттықтаймын! Қазақстан бұқаралық спортты дамытуа айрықша мән береді.
Көптеген спорт нысаны салынып, балаларға арналан үйірмелер ашылып, жас ұрпақтың жан-жақты болып өсуіне барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Щучинск қаласында осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін халықаралық биатлоншылар одағының өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Әлем біріншілігінің біздің елде өткізілуі Қазақстанда биатлонды дамытуға тың серпін береді деп сенемін» Қасым-Жомарт Тоқаев

Салтанатты ашылу рәсімі қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы-биатлон стадионында өтті.

«Еліміз осындай деңгейдегі биатлон турнирін алғаш рет өткізіп отыр. Бұл әсіресе қазақстандық жас спортшылардың АҚШ-тағы қысқы Универсиададағы және басқа да ірі старттардағы соңғы жетістіктері аясында маңызды. Біздің елде биатлонның болашағы зор және бұл чемпионат азаматтарымыздың тек биатлонға ғана емес, жалпы қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттырары сөзсіз. Біздің басты міндеттеріміздің бірі осы» Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек

Биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 4-12 наурыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version