үй Әлем жаңалықтары Шымкент-Дели авиамаршрутының ашылуы: екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолында

Шымкент-Дели авиамаршрутының ашылуы: екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолында

11
0

1103 Awrora

Шымкент-Дели авиамаршрутының ашылуы: екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолында

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған орай алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады.

Рейстерді «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап «Airbus-320» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Источник: dknews.kz