үй Әлем жаңалықтары Си Цзиньпин: «Ең нашар сценарийлерге дайын болуымыз керек»

Си Цзиньпин: «Ең нашар сценарийлерге дайын болуымыз керек»

14
0


                Си Цзиньпин: «Ең нашар сценарийлерге дайын болуымыз керек»

Фото: ғаламтордан

Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қауіпсіздік басшыларын ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерге байланысты «ең нашар сценарийлерге» дайындалуға шақырды.

Алматы, NEGE. Партияның ұлттық қауіпсіздік комиссиясының отырысында Си Цзиньпин Қытайдың ұлттық қауіпсіздік саласында бетпе-бет келіп отырған қиындықтарды атап өтті, сонымен қатар күрделі сынақтарға дайын болу керек екенін мәдімдеді. 

«Біз қатты жел мен толқындарға, сондай-ақ қауіпті дауылдарға төтеп беруге дайын болуымыз керек. Біз нәтижеге бағытталған ойды ұстанып, ең нашар сценарийді болжай алуымыз керек», — деді Си Цзиньпин.

CNN арнасының хабарлауынша, бұл нұсқаулар Қытайдың ықпалды басшысынан ел экономикалық мәселелерден бастап, халықаралық дұшпандық ортаға дейін түрлі сынақтарға тап болып тұрған кезде келген.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай өз жүйесі мен ұлттық қауіпсіздік күштерін жаңғыртуды жеделдетіп, оларды нақты жағдайларда тиімдірек ету керек. 

Источник: nege.kz