үй Әлем жаңалықтары Си Цзиньпин Путиннің шақыртуымен келесі аптада Ресейге барады

Си Цзиньпин Путиннің шақыртуымен келесі аптада Ресейге барады

15
0


                Си Цзиньпин Путиннің шақыртуымен келесі аптада Ресейге барады

Фото: ғаламтордан

Қытай басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 20-22 наурызда Ресейге барады.

Алматы, NEGE. «Келіссөздер барысында Ресей мен Қытай арасындағы жан-жақты әріптестік қатынастарды және стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланады», — делінген хабарламада.

Сапар барысында Мәскеу мен Бейжіңнің халықаралық аренадағы ынтымақтастығын тереңдету жөнінде де пікір алмасу жоспарланған.

Келіссөздер нәтижесінде бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылады, деп атап өтті Кремль.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнбин ҚХР төрағасының Ресейге сапары екі ел арасындағы өзара түсіністік пен сенімді одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

Источник: nege.kz