үй Әлем жаңалықтары СІМ Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді деген ақпаратқа түсініктеме берді

СІМ Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді деген ақпаратқа түсініктеме берді

0

Фото: ғаламтордан

  БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Алматы, NEGE. Ведомство басшысының орынбасары Шенген келісімі аясында бір елдің бастамасымен келесі бір мемлекетті «қара тізімге» енгізу тәртібі қарастырылғанын атап өтті.

«Мұндай шешім күнтізбелік 7 күн ішінде қаралады. Шынында да бұл тізімде ұзақ жылдар бойы болмаған Қазақстан Еуропа елдерінің бірінің бастамасымен «қара тізімге» енді. Әзірге қандай мемлекеттің ұсынысы екенін білмейміз», — деп жауап берді Роман Василенко.

Министрдің орынбасары бұл мәселені зерделеп, тиісті шешімнің қабылдануына не себеп болғанын анықтауға тырысатынын жеткізді.

«Олар бізге қай елдің мұны істегенін және қандай себеппен жасағанын айтуға, ақпарат ұсынуға міндетті емес. Бірақ біз келіссөз жүргізу арқылы мәліметті анықтаймыз деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Р. Василенко.

Источник: nege.kz

Exit mobile version