үй Әлем жаңалықтары Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3574-ке жетті

Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3574-ке жетті

0

Фото: ғаламтордан

Сирияда жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен провинцияларда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Іздеу-құтқару жұмыстары зілзаладан зардап шеккен Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус провинцияларында жүріп жатыр.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Идлиб провинциясында және «Евфрат қалқаны» мен «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймақтарында 2 166 адам қаза тауып, 2 950-ден астам адам зардап шекті.

Sana агенттігінің хабарлауынша, Башар Асад режимі бақылауындағы Алеппо, Лазкие, Хама және Тартус провинцияларында 1 408 адам қайтыс болды, 2 341 адам зардап шекті. Осылайша, Сириядағы табиғи апат құрбандарының жалпы саны 3 574-ке дейін өсті.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек беруді тапсырды.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Источник: nege.kz

Exit mobile version