үй Әлем жаңалықтары Сириядағы жер сілкінісінен кейін 3 ай бойы үйінді астында тірі жатқан ер...

Сириядағы жер сілкінісінен кейін 3 ай бойы үйінді астында тірі жатқан ер адам табылды

24
0


                Сириядағы жер сілкінісінен кейін 3 ай бойы үйінді астында тірі жатқан ер адам табылды

Фото: ғаламтордан

Сирияда үйінді астынан тірі адам табылды. Ер адам жер сілкінісінен кейін үш айдан астам уақыт үйінді астында болған. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Алматы, NEGE. Сирияда ақпан айында болған күшті жер сілкінісінен кейін 3 ай өткенде үйінділерді тазалау кезінде осы жағдай анықталған. Белгілі болғандай, сириялық азаматты 16 мамырда шығарып алған. 

Ер адам қатты арықтап, сақал-мұрты өсіп, жүдеп кеткен. Ол үш айдан астам уақыт бойы осы сәтті күтіп жатқан. 

Оның осынша уақыт үйінді астында жатып, аман қалғанына барлығы таңдануда. 

Естеріңізге сала кетйік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның шекаралас аймақтарында жойқын жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісі мыңдаған үйлерді қиратып, ондаған мың адамның өмірін қиды.

Источник: nege.kz