үй Әлем жаңалықтары Софияда Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Софияда Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

0

319 Awrora

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев София техникалық университетінің (СТУ) ректоры Иван Краловпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында СТУ мен қазақстандық техникалық сипаттағы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық перспективаларына қатысты жан-жақты пікір алмасу өтті.

2025 жылға қарай 100 мың IT маман даярлау жөніндегі мемлекеттік міндетті орындауға қосқан үлесі тұрғысынан Қазақстан Елшісі техникалық университет басшылығын оқу мекемелері арасында байланыс орнатуға және оқу желісі бойынша одан әрі өзара тиімді әріптестік орнатуға жақсы мүмкіндік беретін «International Education Fair» (2023 ж. күзде Астана және Алматы қалаларында өтетін) халықаралық білім беру көрмесіне қатысуға шақырды. Қазақстандық дипломат студенттермен алмасу, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және студенттік практика желісі бойынша байланыстар тәжірибесін кеңейтуді ұсынды. 

Сонымен қатар, В. Темірбаев сұхбаттасты ҚР Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс және жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға (2023 жылғы 19 наурыз) егжей-тегжейлі тоқтала отырып, мемлекеттік билік институттарын қайта жаңғырту шеңберінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістермен таныстырды.

Бұдан басқа, кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамыту шеңберінде тараптар СТУ жанындағы «Абай» мәдени-танымдық орталығының ағымдағы қызметімен танысып, оның қабырғасында бірлескен қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу тәжірибесін жалғастыруға уағдаласты.

София техникалық университеті 1945 жылы 15 қазанда құрылды және Болгариядағы ағылшын, француз және неміс тілдерінде техникалық мамандықтарды оқыту процесін жүзеге асыратын техникалық сипаттағы ең ірі жоғары оқу орны болып табылады. ЖОО-да оқитын студенттердің жалпы саны 20 мыңға жуық, олардың 10%-ы шетелдіктер. СТУ Франция, Германия және Ұлыбритания университеттерімен студенттер мен оқытушылар алмасудың халықаралық бағдарламаларына белсенді қатысады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version