үй Әлем жаңалықтары Standard&Poor’s, Moody’s және Fitch Ratings Қазақстанның экономикалық перспективаларын талқылады

Standard&Poor’s, Moody’s және Fitch Ratings Қазақстанның экономикалық перспективаларын талқылады

0

434 Арман

Фотосурет: Kapital.kz

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров халықаралық рейтингтік агенттіктерінің «Үлкен үштігі» — Standard&Poor’s, Moody’s және Fitch Ratings жоғары басшылығымен кездесті. Сондай-ақ, жиынға ҚР Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

 

Кездесу барысында Ә.Қуантыров пен халықаралық сарапшылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ санкциялық текетірес жағдайында орнықты және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған Үкімет реформалары туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, салық және бюджет саясатын жетілдіру, атап айтқанда жаңа Салық және Бюджет кодекстерін әзірлеу мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, бизнесті қайта реттеу, экономиканы мемлекет меншігінен алу және Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі шаралар қарастырылды. Сондай-ақ, қатысушылар әлемдік экономикадағы қазіргі ахуалды, дамыған елдер мен дамушы мемлекеттердің алдында тұрған сын-қатерлерді талқылады. Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version