үй Әлем жаңалықтары Стратегиялық әріптестікті дамыту: Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалог

Стратегиялық әріптестікті дамыту: Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалог

19
0

1936

Стратегиялық әріптестікті дамыту: Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалог

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.

Қазақстан және АҚШ ҚР СІМ Мұрат Нұртілеу Марко Рубио халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz