үй Әлем жаңалықтары Тәжікстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарға дайындалуда

Тәжікстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарға дайындалуда

66
0

1299 Арман

Тәжікстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарға дайындалуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имомидің қатысуымен қазақстандық-тәжік саяси консультациялары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара аясында Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары түбегейлі қарастырылды. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға жасалатын алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне негізгі назар аударылды.

Е. Қоныспаев екіжақты қатынастардың ілгерілмелі дамуын, әсіресе тұрақты сенімді саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ұлғаюын қанағаттанғандықпен атап өтті.

Өз кезегінде С. Имоми екіжақты қатынастар дамуының оң серпінін, сондай-ақ Астана қаласында ү.ж. 24 сәуірде өткен Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысының қорытындысын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, кездесу барысында делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты формат шеңберіндегі жемісті өзара іс-қимылды баса айтты.

Тараптар достық, өзара сыйластық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылығын растай отырып, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін білдірді.

Источник: dknews.kz