үй Әлем жаңалықтары Тәжікстан СІМ басшысымен кездесу туралы

Тәжікстан СІМ басшысымен кездесу туралы

0

231 rob

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді С5+1 форматында Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы министрлік кездесуі шеңберінде Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Тараптар дәстүрлі достық және сындарлы түрде екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Министрлер бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға екі жақты бағытталғандығы расталды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version