үй Әлем жаңалықтары Түрік сейсмологы дабыл қақты: Ыстамбұлда да жойқын жер сілкінісі болатын күн алыс...

Түрік сейсмологы дабыл қақты: Ыстамбұлда да жойқын жер сілкінісі болатын күн алыс емес

19
0


                Түрік сейсмологы дабыл қақты: Ыстамбұлда да жойқын жер сілкінісі болатын күн алыс емес

Фото: ғаламтордан

Түрік сейсмологы Наджи Герур Ыстамбұлда магнитудасы 7 баллдан жоғары жер сілкінісінің болу ықтималдығы 80 пайызға артқанын хабарлады. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Ыстамбұлда да жойқын жер сілкінісі болатын күннің ауылы алыс емес көрінеді. 

«Ыстамбұлда да жер сілкінісі болатын күн жақындап қалды. Дайындық жасалды, бірақ ол жеткіліксіз. Ыстамбұл алдағы жер сілкінісіне дайын ба деген заңды сұрақ туындайды. Оған жауап біреу-ақ… Дайын емес! Тағы да жүрегіміз жараланады. Ыстамбұлда жер сілкінісі болса, бізге Кахраманмараштан да көп шығын келетіні сөзсіз», — деді сейсмолог. 

Источник: nege.kz