үй Әлем жаңалықтары Түрікменстан СІМ басшысымен кездесу туралы

Түрікменстан СІМ басшысымен кездесу туралы

0

162 rob

С5+1 форматында Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы министрлік кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Тараптар дәстүрлі достық және сындарлы түрде екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде сауда, көлік, логистика және энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Халықаралық аренада өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version