үй Әлем жаңалықтары Түркияда шетелдіктердің үй сатып алуына тыйым салынуы мүмкін

Түркияда шетелдіктердің үй сатып алуына тыйым салынуы мүмкін

0

Фото: ғаламтордан

Түркияда İyi партиясының басшысы Мерал Акшенер тұрғын үй бағасының рекордтық деңгейде өсуіне байланысты шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуына тыйым салуды ұсынды, деп хабарлады жергілікті T24 басылымы.

Алматы, NEGE. «Жалпы жалдау ақысының өсуімен бірге жер сілкінісінен зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесі жылжымайтын мүліктің көбін шетелдіктердің сатып алғанына назар аудартып отыр», — деп жазады басылым.

Басылымның хабарлауынша, демалыс күндері оппозициялық партия төрағасы Хатай провинциясында тексеру жүргізіп, осы мәселеге назар аударған. Әзірге ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ.

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана табу қажеттілігі жалдау ақысы мен баспана бағасының өскенін және жылжымайтын мүліктің шетелдіктерге рекордтық деңгейде сатылғанын анықтап берген. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың қаңтарында Түркияда тұрғын үй бағасы 8-10 пайызға өскен.

Анталияда 60 шаршы метрлік пәтер 140 мың еуро тұрады, Стамбулда осындай пәтер үшін шамамен 200 мың еуро сұрайды. Мамандар бір жыл ішінде елде баспанаға сұраныс 15-20 пайызға артқанын нақтылады.

Источник: nege.kz

Exit mobile version