үй Әлем жаңалықтары Түркиядағы президент сайлауының шетелдегі екінші туры басталды

Түркиядағы президент сайлауының шетелдегі екінші туры басталды

24
0


                Түркиядағы президент сайлауының шетелдегі екінші туры басталды

Фото: ғаламтордан

 Түркияның шетелде тұратын азаматтары үшін сайлаудың екінші туры басталды. 

Алматы, NEGE. Түркияның шет мемлекеттерде тұратын азаматтары үшін президент сайлауының екінші турында дауыс беру басталды. «Анадолу» агенттігінің мәліметінше, 73 мемлекетте 167 сайлау учаскесі ашылған. Оларда дауыс беру 24 мамырға дейін жалғасады. Шетелде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында дауыс беру 28 мамырда, сағат 17:00-де аяқталады.

Жалпы, шетелде тіркелген түрік сайлаушыларының ең көбі Германияда (1,5 млн адамдай) тұрады. Бұл ретте таңдауды екі үміткер – қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция атынан жалғыз кандидат Кемаль Кылычдароғлы арасында жасау қажет. Түркияның өзінде сайлаудың екінші туры 28 мамырда басталады. Айта кетсек, бірінші турда Ердоған Кылычдароғлыны 4,5 пайыз дауыспен басып озған еді.

Источник: nege.kz