үй Әлем жаңалықтары Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 46 мыңға жуықтады

Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 46 мыңға жуықтады

0

Фото: ғаламтордан

 Сойлу Хатай провинциясындағы өңірлік AFAD үйлестіру орталығында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта зілзаладан 45 968 адам қаза тапқаны белгілі болды, олардың 4 267-і Сирия азаматы», деп мәлімдеді Түркия ІІМ басшысы.

Сондай-ақ ол алғашқы жер сілкінісінен кейін 13 мыңнан аса қайта дүмпу тіркелгенін атап өтті.
«Жалпы 26 300 ғимарат қирады. Олардың 26 032-нің қираған орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді», – деді ол.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.

Источник: nege.kz

Exit mobile version