үй Әлем жаңалықтары Түркияның Хатай аумағында 6,4 баллдық жер сілкінді

Түркияның Хатай аумағында 6,4 баллдық жер сілкінді

0

Фото: ғаламтордан

Түркияның Хатай провинциясында тағы екі рет жер сілкінді. Жер сілкінісінің қуаты 6,4 және 5,8 балл болды.

Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің ошағы Хатайдың Дефне және Самандағ аудандары. Мұнда баспаналарын тастап шыққандар көп. Мамандар ғимараттарға жақындамауды ескертті. 

Сондай-ақ дүмпулер Сирия, Ливан, Ирак, Израильде де байқалған.

Хатай провинциясында электр қуаты толық үзілді.

Сондай-ақ Сирияның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы бірқатар қалаларда ғимараттардың қираған. Зардап шеккендер бар. 

Источник: nege.kz

Exit mobile version