үй Әлем жаңалықтары Таллиннде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Таллиннде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

11
0

608 Awrora

Таллиннде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Рийгикогу (Парламент) депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясындағы ұлттық делегациясының төрағасы және Қазақстанда алдағы парламент сайлауына ұйымның байкаушылар миссиясының мүшесі Свен Сестермен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы сайлау процесінің жаңашылдығын, Қазақстан мен Эстония парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілету, парламенттік дипломатияның даму үрдістері және екіжақты Қазақстан-Эстония саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Осы орайда қазақстандық дипломат Қазақстанда заң шығарушы биліктің рөлін күшейту аясында жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Бұл ретте сайлау заңнамасын жаңартуға, атап айтқанда, парламентті құрудың өзгертілген пропорционалды-мажоритарлық моделіне ерекше назар аударылды.

Таллиннде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Өз кезегінде С. Сестер сайлау жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, кейіннен дауыс беру нәтижелеріне объективті баға бере отырып, мониторинг жүргізуге қызығушылық танытты.

Источник: dknews.kz