Фото: ғаламтордан
АҚШ жағалау күзеті Атлант мұхитында суға батып кеткен «Титан» су астындағы кемеде қаза тапқандардың сүйегі табылғанын хабарлады.
Алматы, NEGE. Оларға талдау жасалады. Барлық дәлелдер олардың жоғалған экипаж мүшелері екенін растау үшін дәрігерлерге жіберіледі.
АҚШ денсаулық сақтау мамандары оқиға орнындағы сынықтардың арасынан табылған адамның дене мүшелеріне ресми талдау жүргізеді.
Еске салайық, 5 жолаушысы бар батискаф 19 маусымда жоғалып кетті. Бортта миллиардер және зерттеуші Хэмиш Хардинг, OceanGate компаниясының бас директоры, Францияның су асты кемелерінің бұрынғы жетекшісі Поль-Анри Наржеоле, Пәкістанның бай азаматтарының бірі Шахзада Давуд пен ұлы Сүлеймен болған.
Ал 22 маусымда батискафта оттегі таусылғаны туралы ақпарат жарияланды.
Источник: nege.kz