үй Әлем жаңалықтары ҚТЖ басшылығы ШҰАА (ҚХР) Коммунистік партиясының хатшысымен кездесу өткізді

ҚТЖ басшылығы ШҰАА (ҚХР) Коммунистік партиясының хатшысымен кездесу өткізді

0

1347 Арман

2023 жылғы 17 наурызда Үрімшіде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырзамен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқынын атап кетті. Өткен жылы өсім 14,5 %, ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында өсім 30% құрады, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1,6 есеге өсті.

Кездесуде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері: Бақты-Тачэн үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы, Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларыі талқыланды.

ШҰАА басшылығы Үрімші қаласында ҚТЖ терминалын құруды қолдайды және Алматы агломерациясында барлық қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар сауда хабын құру жобасына қолдау білдірді. Ынтымақтастықты күшейту үшін Тараптар кездесулерді тұрақты негізде өткізуге келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version