үй Әлем жаңалықтары ТЖМ-де Қытай Халық Республикасы ТЖМ делегациясымен кездесу өтті

ТЖМ-де Қытай Халық Республикасы ТЖМ делегациясымен кездесу өтті

0

1104 Awrora

2023 жылғы 24 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильин ҚХР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Сю Цяйай мырза бастаған Қытай Халық Республикасы ТЖМ делегациясымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында 2014 жылы қол қойылған келісімге сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды басқару саласында тәжірибе мен ақпарат алмасуды күшейту, сондай-ақ төтенше жағдайларды басқару саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету көзделген. Бұл екі елдің ауқымды табиғи апаттар қаупін азайту және оларға ден қою жөніндегі әлеуетін арттыруға ықпал ететін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша елдер арасында дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың тәуекелін төмендету саласында спутниктік қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану, шұғыл медициналық көмек көрсету және қалалық жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу саласында тәжірибе алмасуды күшейту, дүлей зілзалалар кезінде құтқару жұмыстарын орындау бойынша бірлескен оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу мүмкіндігі бойынша ынтымақтастық көзделетін хаттамаға қол қойылды. Соынмен қатар трансшекаралық төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарына бірлесіп ден қою және жүргізу тетігін зерделеу және әзірлеу, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде төтенше жағдайларды басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту жоспарлануда.

Кездесу соңында Юрий Ильин Сю Цяйай мырзаға алғысын білдіріп, ведомстволар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ҚХР ТЖМ делегациясы Дағдарысты жағдайларды басқару орталығының ахуалдық залына барды.

Сапар барысында делегация Орталық қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат жеткізді, кезекші қызметтердің жедел ақпаратты қалыптастыру және беру мәселелері талқыланды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version