үй Әлем жаңалықтары Тоқаев Иранмен қарым қатынасты нығайтуға сенім білдірді

Тоқаев Иранмен қарым қатынасты нығайтуға сенім білдірді

15
0

480 Awrora

Тоқаев Иранмен қарым қатынасты нығайтуға сенім білдірді

Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады.

 «Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін» Қасым-Жомарт Тоқаев 

 Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тіледі.

Источник: dknews.kz