үй Әлем жаңалықтары Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

37
0

1617 Awrora

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірқатар нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне телекөпір режимінде қатысты.

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Іс-шара қатысушыларына Ұлы Жібек жолы бағытымен жүретін транзиттік рейс туралы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин жүк паромдарының қозғалысын іске қосты.

Содан кейін екі ел басшылары Қазақстанның Бейжіңдегі және Қытайдың Астанадағы мәдени орталықтарын салтанатты түрде ашты.

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Бұл орталықтар екі мемлекеттің гуманитарлық ынтымақтастығын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Сондай-ақ достас екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған түрлі мәдени шаралар, көрмелер, дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған алаңға айналады.

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. Мұны айтулы оқиға деуге болады. Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің терең білім алуына және кәсіби тұрғыда өсуіне зор мүмкіндік береді және олардың тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді.

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуы мәдениет және білім салаларындағы өзара алмасуларды жандандыру, екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий бағыты бойынша қозғалысты бастады

Источник: dknews.kz