1782
Фотосурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады.
«Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын» Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және Польша Сыртқы саясат
Источник: dknews.kz