үй Әлем жаңалықтары ТРАСЕКА комиссиясының отырысында мультимодальды тасымалдың перспективасы талқыланды

ТРАСЕКА комиссиясының отырысында мультимодальды тасымалдың перспективасы талқыланды

21
0

317 Awrora

ТРАСЕКА комиссиясының отырысында мультимодальды тасымалдың перспективасы талқыланды

Грузияның астанасы Тбилисиде «Еуропа – Кавказ – Азия» халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі көпжақты келісімнің 25 жылдығына байланысты өткізілген ТРАСЕКА үкіметаралық комиссияның XVI отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысты. Ол қатысушыларға көлік-логистикасы мен жүк тасымалы бағытындағы еліміздің ұстанған саясатын жеткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Брюссель декларациясының 30 жылдығының аясында ұйымдастырылған жиында ҚР ИИДМ басшысының орынбасары  халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде, атап айтқанда барыс-келісті нығайтудың ұтымды әрі балама жолдарын дамытуға байланысты Қазақстанның ұсыныстарын жеткізіп, мультимодальды тасымалдарды арттыру бойынша талқылауда шетелдік әріптестермен пікір алмасты.

Бұдан басқа қатысушылар ТРАСЕКА дәлізі бойынша жүк тасымалын жүзеге асыратын кәсіби жүргізушілердің визасыз жүруді көздейтін келісімнің жобасын қарап, оның нәтижесінде мемлекеттік шекаралардан тауармен өту процесі едәуір жеңілдеп, халықаралық сауданың барысы жеделдей түсетінін айтты.

ТРАСЕКА комиссиясының отырысында мультимодальды тасымалдың перспективасы талқыланды

Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланысты одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен декларацияға қол қойды.

Источник: dknews.kz