үй Әлем жаңалықтары Венецияда каналдар тартылып жатыр

Венецияда каналдар тартылып жатыр

16
0


                Венецияда каналдар тартылып жатыр

Фото: tengrinews.kz

Венецияда судың тартылуына байланысты каналдағы су деңгейі төмендеп кетті — бұл су таксиі, гондола және жедел әрекет ету қызметінің жұмысына кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Алматы, NEGE Қазіргі уақытта су деңгейі әдеттегіден жарты метрге түсіп кеткен. Негізінде Венеция судың тартылуына қарағанда судың толассыз келуінен зардап шегеді. 2021 жылы Венецияда қаладағы «Мұса қақпасы» қайтадан іске қосылатыны айтылады.

«Мұса қақпасы» ресми MOSE, — бұл су ағынынан құтқаратын Венециядағы бұғаздардағы мобильді тосқауылдар. Венеция болжаған уақытта бұрын су астына кетеді деген қауіп бар. Сол себепті теңіз жақтан қаланы құтқару үшін уақытша қолдау үшін салынған MOSE теңіз тосқауылын алмастыру керектігі айтылды. Сосын Венеция алдында тұрған қауіпті мәселелерді шешу үкімет деңгейінде қарастырылу керек.

Источник: nege.kz