үй Әлем жаңалықтары Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

14
0

428 Арман

Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

Жамбыл облысына сапардың қорытындысы бойынша Қырғыз Денсаулық сақтау саласының өкілдері медициналық көмек көрсету жүйесіне алғашқы деңгейде «Үздік практикалар орталығының» қазақстандық моделін енгізуге ниетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жамбыл облысының озық практикалар орталықтарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасып, Қырғызстаннан келген делегаттар Меркі аудандық орталық ауруханасының МСАК бойынша үздік практикалар орталығына және Сурат және Сарымолдаев дәрігерлік амбулаторияларының базасында құрылған үздік практикалар шағын орталықтарына барып, бес күндік оқыту семинарынан өтті. Сонымен қатар, Меркі ауданының Ақтоған округінің тұрғындары ауылды «Саламатты ауыл» жобасына енгізу жөніндегі іс-шараға қатысты.

Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

Оқу турының үшінші күні Жамбыл ауданының үздік практикалар орталығында өтті, төртінші күн Тараз қаласының №5 емханасында өтті. Емхананың бас дәрігері Динара Сәрсенова қонақтарға орталықтың жұмысы және халықпен кері байланыс үшін құрылған арнайы қызметтің құрылымы туралы айтып берді, сондай-ақ мекеменің халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуі туралы айтты.

Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек» Ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Роза Абзалова емхананың жұмысына ризашылығын білдіріп, оны басқаларға мысал ретінде ұсынды.

Қырғызстанның отбасын жоспарлау бөлімінің басшысы Бақтығүл Бозғорпаева Жамбыл облысында цифрландыру және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету саласындағы, электрондық жүйелердің жұмысындағы жетістіктерін жоғары бағалады, сондай-ақ алдағы уақытта өз тәжірибесінде көрген бірқатар жаңалықтарды қолданатынын атап өтті.

Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

Сондай-ақ, Қырғыз әріптестері облыстың денсаулық сақтау басқармасының халық денсаулығын жақсарту бойынша атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуде алдыңғы қатарда тұрған сала жұмысына табыс тіледі.

Семинар қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, ҚР дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы Қырғыз Республикасының отбасылық медицина орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы Меморандумның мақсаты — Қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, медициналық, әлеуметтік ғылымдар мен білім беруді, мейіргер ісін дамыту саласындағы Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және Жамбыл облысындағы үздік практикалар орталықтарының базасында медициналық алғашқы көмек пен медициналық-әлеуметтік инновациялық технологиялардың озық тәжірибесін енгізу бойынша Қырғыз Республикасы Ош қаласының МСАК денсаулық сақтау ұйымдары үшін демонстрациялық алаң ұсыну. Сондай-ақ, қырғызстандық серіктестерге озық тәжірибені енгізу бойынша әдістемелік-теориялық көмек көрсету.

Қырғызстан мен Қазақстан денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуда

Осы меморандумның негізінде Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Қырғызстанның денсаулық сақтау саласында тәлімгерлік көмек көрсететіні келісілді.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова алдағы уақытта көршілес бауырлас мемлекет денсаулық сақтау саласында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейін арттыруға барынша ықпал ететінін, өңірде енгізілген озық тәжірибемен бөлісетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту турын Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) және Қазақстан Республикасының «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек» ұлттық қауымдастығы ұйымдастырды.

Іс-шараға медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек» Ұлттық қауымдастығының президенті Рахыпбеков Төлебай, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек» Ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Роза Абзалова, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) төрағасы Шолпан Асамбаева, Қырғыз Республикасы Шу қалалары ауруханаларының бас дәрігерлері қатысты.

Источник: dknews.kz