үй Әлем жаңалықтары ҚЫРЫМДА тағы КӨПІР жарылды

ҚЫРЫМДА тағы КӨПІР жарылды

8
0


                ҚЫРЫМДА тағы КӨПІР жарылды

Фото: Baza

Кеше түнде Қырым көпірінде қозғалыс тоқтап, бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды. Бұған себеп – көпірдегі жарылыс. Жарылыстан екі адам қаза болды.

Қырым басшысы Сергей АКСЕНОВТЫҢ айтуынша, «көпірдің 145-тіреуіші тұсында төтенше жағдай болған, қазір оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр». Сондай-ақ ол тұрғындар мен қонақтардан «қауіпсіздік үшін Қырым көпірін құрлықтағы жолдар арқылы айналып өтуді» сұрады.

Алдын ала белгілі болған деректерге қарағанда, жарылыстан екі адам қаза тауып, тағы бір жасөспірім жарақат алған. 

Baza телеграм каналының жазуынша, Украина Қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының спикері Андрей Юсупов бұл оқиға туралы былай деген: «Қазір бүкіл әлем Қырым көпіріндегі ондаған шықырымдық кептелісті, көпір конструкциясының бұзылғанын көріп отыр. Мұның себебі жайлы түсініктемеге келсек, біз ешқандай түсініктеме бермейміз. Тек Бас барлау басқармасының жетекшісі Кирилл Будановтың «Қырым көпірі – басы артық конструкция» деген сөзін келтіруге болады».

#ресей #украина #соғыс #қырым #көпір #жарылыс

Источник: nege.kz