үй Әлем жаңалықтары Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

77
0

2574 Awrora

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы қазақ диаспорасының қоғамдық ұйымдарымен, атап айтқанда, «KazakDer» қауымдастығымен бірлесіп, Ұлттық домбыра күніне орай домбыра кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Қазақ мәдениетін бауырлас Түркияда кеңінен таныту және жастарға домбыраның киесі мен күй құдіретін жеткізу, сондай-ақ қасиетті қара домбыраны ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған домбыра кешіне Ыстанбұл қаласындағы туристтер мен жергілікті халық қатысты.

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Салтанатты мерекеде қала тұрғындары мен қонақтарына Бас консулдықтың бастамасымен 2023 жылғы желтоқсан айында ашылған домбыра үйірмелерінің жас өнерпаздары рухани кеш сыйлады. Сонымен қатар, домбыраның құлағында ойнайтын 20 домбырашы шеберлігімен жарысты.

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Ыстанбұл қаласы Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мумин Йылдызташ, Зейтінбұрну ауданының губернаторы Адем Услу, Зейтінбұрну муниципалитеті басшысының орынбасары Саффет Өз, Бағжылар муниципалитеті басшысының орынбасары Салих Кумбар, сондай-ақ домбыра үйірмесіне қолдау көрсеткен «Борусан Кат» компаниясының өкілі Аднан Кескин, Ыстанбұлдағы диаспора өкілдері мен қалың жұртшылық қатысты.

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Көрермендер өнерпаздардың шеберлігіне ғана емес, сонымен қатар қазақ музыкасының әсемдігі мен өзіндік ерекшелігіне тәнті болып, кештің Түркиядағы Қазақстан мәдениетін кеңінен дәріптеген нағыз мереке болғанына ризашылықтарын білдіріп жатты.

Ыстамбұлда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Іс-шара соңында Бас консул Нуриддин Аманқұл «Домбыра қазақтың киелі мұрасы, оның қоңыр үні арқылы қазақтың мәдениеті мен дәстүрін дәріптейміз. Ешбір музыкалық аспап кең даланың даусын дәл домбырадай жеткізе алмайды» дей келе, осынау дәстүрдің сабақтасып, ұрпақтан ұрпаққа жеткенін қалайтынын атап өтіп, қатысушыларға алғысын білдірді.

Источник: dknews.kz