үй Әлем жаңалықтары Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

10
0

528 Арман

Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен Ресейдегі CNPC компаниясының бас директоры Бянь Дэчжимен кездесу өткізді. Жүздесуде екіжақты ынтымақтастық бағытындағы ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ректор құрметті қонақты университет жетістіктерімен таныстырып, қытайлық жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстардың жүйелі жолға қойылғанын атап өтті.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылымға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде университет ғалымдары 100 инновациялық жоба әзірлеп шықты. Қазіргі таңда ғылыми жобаларды ілгерілету және коммерцияландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. ҚазҰУ қалашығында Samsung, Hewlett-Packard, Cisco, Коnіса Minolta, Fujitsu, Alcatel, Microsoft, «Касперский зертханасы», Huawei және т.б. жоғары технологиялық компаниялардың сертификаттау орталықтары, институттары мен академиялары орналасқан. Бүгінде ҚазҰУ ҚХР-дың 43 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатты. Университетте Қытайтану кафедрасы мен Конфуция институты жұмыс істейді» Жансейіт Түймебаев

Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

Сөз соңында Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға «ҚазҰУ-дың 100 инновациялық жобалары» атты кітапты сыйға тартып, университет базасында CNPC компаниясының кеңсесін ашуды ұсынды.

Өз кезегінде Бянь Дэчжи мырза жылы қабылдағаны үшін университет ректорына алғысын білдіріп, өз ұсынысын ортаға салды.

Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы көшбасшы университет. Алдағы уақытта ҚазҰУ-мен тығыз қарым-қатынаста болып, серіктестікті арттыруға дайынбыз. Сонымен қатар Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатқысы келеді. Аталмыш университет ҚХР-дағы мұнай саласында маман даярлайтын бірден-бір жетекші жоғары оқу орны болып табылады. Екі университет арасындағы серіктестік алдағы уақытта бірлесіп кадр даярлауға және қос дипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға сеп болады» Бянь Дэчжи

Қытай мұнай университеті ҚазҰУ-мен серіктестік орнатады

Жүздесу соңында қос тарап аталған ұсыныстарды жоспарлы түрде іске асыруға уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.

Источник: dknews.kz