үй Әлем жаңалықтары Қытай қорғаныс саласына бөлінетін қаражатты ұлғайтпақ

Қытай қорғаныс саласына бөлінетін қаражатты ұлғайтпақ

0

Фото: ғаламтордан

 Қытай билігі 2023 жылы ұлттық қорғаныс шығынын 7,2%-ға, 1 553 трлн юаньға (шамамен $224 млрд) дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Алматы, NEGE. «Ұлттық қорғаныс саласының шығыны 1 553 трлн юаньға жетіп, өсім 7,2% болады», – делінген Қытайдың бюджет баяндамасында.
2022 жылы ҚХР қорғаныс бюджеті 7,1%-ға, 1 451 трлн юаньға дейін, ал 2021 жылы 6,8%-ға, яғни 1 356 трлн юаньға артқан болатын. Оған қоса 2023 жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығыны 6,4%-ға, 208 972 млрд-қа көбейеді.

    Сондай-ақ биыл білім беру шығыны 2%-ға артып, 155 479 млрд юань болса, ғылым мен техника шығыны 2%-ға өсіп, 328 034 млрд юаньді құрайды. Астық, май және басқа да материалды ресурстар қорын жасауға 132 878 млрд юань бөлінеді, өсім – 13,6%; борыштық міндеттемелер бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыс – 723 млрд юань болады, ол былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10,8%-ға артық.
Бейжіңде жексенбі күні Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны (ҚХР парламенті) 14-шақырылымның бірінші сессиясы ашылды. Ол 13 наурызға дейін жалғасады.

Источник: nege.kz

Exit mobile version