үй Әлем жаңалықтары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қызын өзіне көмекші етіп тағайындады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қызын өзіне көмекші етіп тағайындады

10
0


                Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қызын өзіне көмекші етіп тағайындады

Фото: ғаламтордан

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 38 жастағы қызы Саида Мирзиёеваны көмекшісі етіп тағайындады.

Алматы, NEGE. Тиісті қаулыға жұма, 25 тамызда қол қойылды, деп хабарлады республика үкіметінің баспасөз қызметі.

«Өзбекстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығымен Мирзиёева Саида Шавкатовна Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Саида Мирзиёева Өзбекстанның қазіргі президентінің үлкен қызы. Ол Өзбекстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан.

Бұған дейін Мирзиёева Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің құрылымында жұмыс істеген. 2022 жылдан бері президенттің қызы Өзбекстан президенті әкімшілігінің байланыс және ақпарат саясаты секторын басқарды.

Источник: nege.kz