үй Әлем жаңалықтары Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

0

Фото: ғаламтордан

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 

Алматы, NEGE. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол тиісті жарлыққа қол қойылғаны жөнінде Олий Мажлис палаталары, партиялар, сот және атқарушы билік басшыларымен референдум нәтижесіне арналған кездесуде айтты. Бұл туралы Газета.uz-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Әрине, мұндай шешімнің қандай объективті қажеттілігі бар?» деген сұрақ туындайды. «Неліктен мен президенттік мерзімімнің қалған 3,5 жылынан өз бетіммен бас тартып отырмын?», — деді Ш.Мирзиеев.

Өз сауалына берген жауабы: «Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің Негізгі заңға сәйкес, біріншіден, биліктің барлық тармағы реформаланады. Олардың арасында қарым-қатынас пен баланс айтарлықтай өзгереді.

Екіншіден, жаңартылған Конституция президент, парламент, үкімет, министрліктер мен хокимдер алдына уақыт күттірмейтін жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер қойып отыр.

Үшіншіден, халқымыз бізден барлық салада аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформалар күтеді.

Төртіншіден, әлемде және өңірде шиеленіскен және қиын процестер болып жатқан қазіргі жағдайда, дамудың дұрыс әрі тиімді жолын іздестіру және іске асыру ең өзекті, ең маңызды мәселе болып отыр».

Еске салайық, 6 мамыр күні Өзбекстанның Сайлау кодексіне президентті, заң шығарушы палата мен Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысты өзгерістер енгізілген болатын.

Ел президенті кезектен тыс сайлауды жариялаған күннен бастап науқан екі ай мерзімі ішінде өткізілуі қажет.

Источник: nege.kz

Exit mobile version