үй Әлем жаңалықтары Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

11
0


                Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Фото: ғаламтордан

Бүгін Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталып, дауыс беру учаскелері ашылды.

Алматы, NEGE. ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19,5 миллионнан астам адам тіркеліп, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылған. Шет елдерде азаматтар дауыс беру үшін 39 елде 56 стационарлық сайлау учаскелері ашылған.

Дауыс беру процесі жасырын және жабық кабинада өтеді. Дауыс беру жәшіктері бекітіліп, дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана ашылады. Сайлау 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 21:00-ге дейін) созылады.

Президенттікке төрт үміткер қатысып жатыр. Олар: қазіргі президент Шавкат Мирзиеев, «Адолат» Социал-демократиялық партиясынан Робахон Махмудова, Экологиялық партиядан Абдушукур Хамзаев және Халықтық демократиялық партиядан Ұлықбек Иноятов.

Жеңіске жету үшін 50%-дан астам дауыс алу қажет. Сайлаудың нәтижесі ертең белгілі болады.   

Источник: nege.kz