үй Әлем жаңалықтары Өзбекстанда тағы жер сілкінді

Өзбекстанда тағы жер сілкінді

9
0


                Өзбекстанда тағы жер сілкінді

Фото: ғаламтордан

 Ташкентте тағы жер сілкінді. Бұл жолы да балдық көрсеткіш 5-ке дейін жеткен.

Алматы, NEGE. Жерасты дүмпуінің ошағы Тәжікстанда тіркелді. Тәжікстан, Ауғанстан аумағында болып жатқан қатты жер сілкінісінің салдары Ташкентте тағы сезілді. Кейін бүкіл Өзбекстан аумағына тарады.  Жергілікті сейсмостанция өкілдері бірнеше минуттан соң 5 балдық жерасты дүмпуінің болғанын хабарлады. Дегенмен үйлер мен ғимараттарға зақым келмеді. Ахуалды төтенше жағдай қызметі бақылауда ұстап отыр. Жерасты дүмпуі наурыздың 20-нан 21-не қараған түні де болған еді. Содан бері халықтың бойындағы қорқыныш ұлғая түсті. Оны әлеуметтік желідегі фейк ақпараттар да арттырып жатыр. Оның үстіне жер сілкінісінің мұнда тағы қайталану қаупін ешкім жоққа шығармайды. Себебі жергілікті билік органдары бұған қатысты әзірге қандай да бір мәлімдеме таратқан жоқ. 

Источник: nege.kz