үй Әлем жаңалықтары Зерттеу университетінің дамуы аясында түркітану мен алтайтанудың өзекті мәселелері

Зерттеу университетінің дамуы аясында түркітану мен алтайтанудың өзекті мәселелері

0

619 Арман

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі түркітанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Николай Егоров «Зерттеу университетінің дамуы аясында түркітану мен алтайтанудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды, деп хабарлайды DKNews.kz.

​Іс-шараға көрнекті ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

​Көшбасшылық дәрісті университет басшысы Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып,профессор, Түрік лингвистикалық қоғамының корреспондент-мүшесі Николай Егоровтың түркология ғылымына қосқан зор еңбегін атап өтті. 

«Көрнекті ғалым Николай Егоровпен 40 жылдан бері таныспыз. Түркология саласын зерттеуде көп еңбек сіңірді. 400-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері» Жансейіт Түймебаев

​Николай Егоров – Чуваш Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық түркітанушылар қауымдастығы төралқасының мүшесі. Чуваш Республикасына сіңірген еңбегі үшін арнайы орденмен марапатталған. ҒалымЧуваш этнос және глоттогенезі, Алтай теориясын сыни тұрғыдан түсіну, болгар-чуваш тілдерінің ежелгі байланыстары туралы көптеген мақалалардың авторы. 

Сөз соңында білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев құрметті қонаққа ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Құрметті профессоры» атағын табыстады.

​Спикер өз кезегінде университет басшылығына ризашылығын білдіріп, «Зерттеу университетінің дамуы аясында түркітану мен алтайтанудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшбасшылық дәрісін бастады. 

«Түркология және алтайтану ғылыми-зерттеу институты түркі халықтарының мәдениеті мен тілін зерттеу, олардың Орталық Азиядағы тарихи елдерімен тығыз қарым-қатынасын анықтау басты жұмысымыз болуы тиіс. Бұл – Түркология және алтайтану институты зерттеуінің негізгі бағыты. Түркология қазіргі таңда кең ауқымға және мазмұнға ие болып, тек лингвистикалық емес, әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің жиынтығы ретінде қабылданады» Николай Егоров

Николай Егоров алдағы екі апта ішінде жүргізіп жатқан зерттеулері бойынша ҚазҰУ-да дәрістер мен семинарлар өткізіп, қазақстандық ғалымдармен кездеседі. 

Источник: dknews.kz

Exit mobile version