192 rob

Фотосурет: pixabay.com
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бизнеске жер учаскелерін бөлу мен олардың қолжетімділігі, бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу, сондай-ақ, Каспий теңізінің жағалау аймағында жер учаскелерін бөлу мен заңсыз құрылыс мәселелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Талдау ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өтеді.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Ақтау қаласы, 23 ш/а 100 ғимаратта орналасқан «Antikor» орталығына келуге, mangistau.antikor@gmail.com поштасына жолдауға немесе 8 778 985 51 68 нөмеріне хабарласуға болатынын мәлімдейміз.
Құрметті облыс тұрғындары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.
Источник: dknews.kz






