үй Қазақстан жаңалықтары Маңғыстауда жер саласындағы мәселелерге қатысты сыртқы талдау жүргізіледі

Маңғыстауда жер саласындағы мәселелерге қатысты сыртқы талдау жүргізіледі

59
0

192 rob

Маңғыстауда жер саласындағы мәселелерге қатысты сыртқы талдау жүргізіледі

Фотосурет: pixabay.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бизнеске жер учаскелерін бөлу мен олардың қолжетімділігі, бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу, сондай-ақ, Каспий теңізінің жағалау аймағында жер учаскелерін бөлу мен заңсыз құрылыс мәселелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талдау ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өтеді.

Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Ақтау қаласы, 23 ш/а 100 ғимаратта орналасқан «Antikor» орталығына келуге, mangistau.antikor@gmail.com поштасына жолдауға немесе 8 778 985 51 68 нөмеріне хабарласуға болатынын мәлімдейміз.

Құрметті облыс тұрғындары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Источник: dknews.kz