үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты. Бұл — Қазақстан үшін тарихи жетістік

Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты. Бұл — Қазақстан үшін тарихи жетістік

71
0


Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты. Бұл - Қазақстан үшін тарихи жетістік

ЖАҢАЛЫҚТАР Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты. Бұл — Қазақстан үшін тарихи жетістік Елена Рыбакина Australian Open жарысында. 24 қаңтар 2023 жыл. Бөлісу

  Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты. Бұл — Қазақстан үшін тарихи жетістік Бөлісіңіз

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Рыбакина әлемдік рейтингте 22-орында тұр, осы жетістігінің арқасында ол алдағы аптада ТОП-15 теннисшінің қатарына енеді. Ал Остапенко қазір әлемнің 17-ракеткасы.

Елена Остапенко Australian Open жарысында. 24 қаңтар 2023 жыл.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда Джессика Пегула (АҚШ)-Виктория Азаренко (Беларусь) матчының жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакина — Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Ол былтыр Лондонда өткен Wimbledon жарысында жеңімпаз атанып, Grand Slam жарыстарында жекелей сында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші болған.

Источник: www.azattyq.org