үй Әлем жаңалықтары Шекарадағы инфрақұрылымдық жоба: Қазақстан мен Өзбекстан логистикалық шығындарды қысқартады

Шекарадағы инфрақұрылымдық жоба: Қазақстан мен Өзбекстан логистикалық шығындарды қысқартады

94
0

166 Awrora

Шекарадағы инфрақұрылымдық жоба: Қазақстан мен Өзбекстан логистикалық шығындарды қысқартады

Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының жаңа халықаралық орталығы ашылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

9 қарашада Ташкентте Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов екі ел шекарасында құрылатын «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімге қол қойды.

Нысан Атамекен (ҚР) және Гүлістан (Өзбекстан) өткізу пункттеріне жақын орналасады және өндірістік алаңдарды, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймаларды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын қамтитын болады. Бұл жүк жеткізуді жеделдетіп, логистикаға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік кооперация орталығы жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын ашуды, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеуді ынталандырмақ, сондай-ақ тауарларды одан әрі тасымалдау үшін логистикалық қызметтерді қамтамасыз етеді.

Шекарадағы инфрақұрылымдық жоба: Қазақстан мен Өзбекстан логистикалық шығындарды қысқартады

Инфрақұрылымдық объектінің қызметі тауарларды тасымалдаудың тиімділігін арттырады, сондай-ақ оларды кедендік ресімдеу процесін жеделдетуді қамтамасыз етпек.

Келісімге қол қою жобаны іс жүзінде іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кооперация орталығының іске қосылуы екі елдің халықаралық саудасы мен экономикалық жүйелерінің интеграциясын одан әрі дамытып, екі ел арасындағы тауар  айналымын 10 млрд.долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Источник: dknews.kz