үй Әлем жаңалықтары Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

96
0

167 Awrora

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Фотосурет: Gov

9 қараша бейсенбі күні Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форумға бейнеконференцбайланыс режимінде екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады.

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Өңіраралық алаңда бизнес, салалық мемлекеттік орган, ведомстволар, ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары жиналады.

Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталып, қатысушылар шекаралас өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын жасау, АӨК-дегі көлік инфрақұрылымын дамыту мен ауыл шаруашылығы жобаларын техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылайды.

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Іскерлік кеңестен басқа мынадай үш панельдік сессия өткізу жоспарланған: «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар», «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа үрдістер».

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Форум қорытындысы бойынша өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда көлемі $27 млрд. (экспорт – $9,1 млрд., импорт – $17,9 млрд.) құрады, бұл — Қазақстанның жалпы тауар айналымының 20%-ы (19,9%). Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі $17 млрд. болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1% жоғары.

Ауыл шаруашылығы экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде: Қостанайдағы XIX Форум

Источник: dknews.kz