үй Қазақстан жаңалықтары Жамбыл облысында айла-шарғы жасаған әкімдік қызметкері ұсталды ...

Жамбыл облысында айла-шарғы жасаған әкімдік қызметкері ұсталды Кеше, 14:12

177
0

Жамбыл облысының прокурорлары аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен қызметтік жалғандық жасау дерегін анықтады, — деп хабарлайды

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Жамбыл облысында айла-шарғы жасаған әкімдік қызметкері ұсталды
                Кеше, 14:12

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының прокурорлары аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен қызметтік жалғандық жасау дерегін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«Байзақ ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 гектар жер учаскелерін беру кезінде қызметтік жалғандық жасау фактілерін анықтады.

Сонымен қатар, конкурс қорытындысы бойынша лауазымды адам учаскелердің орналасқан жері туралы мәліметтерге заңсыз өзгерістер енгізген», — делінген хабарламада.

Дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 369-бабы 1-бөлігі («Қызметтік жалғандық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа жіберілді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 гектар астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz