үй Қазақстан жаңалықтары Сенат төрағасы Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты ...

Сенат төрағасы Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты Кеше, 13:30

172
0

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024 жылды қалай қарсы алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Сенат төрағасы Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты
                Кеше, 13:30

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024 жылды қалай қарсы алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жаңа жылды басқа қазақстандықтар сияқты үйде отбасымның жанында: ата-анаммен, балалармен қарсы алуды жоспарлап отырмын. Бұдан асқан бақыт бар ма? Жыл бойы көптеген іс-шара болды, көптеген заң қабылдадық. Сондықтан Жаңа жылды отбасының жанында атап өту керек. Отбасы және балалармен, немереммен сөйлесу қажет. Менің ойымша, Жаңа жыл мерекесі — отбасымен бірге атап өтуге берілген жақсы мүмкіндік», — деді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан тұрғындарына өз тілегін жеткізді.

«Барша қазақстандыққа амандық, әл-ауқат және барлық жоспарыңыздың іске асуын тілеймін. Елімізде тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім болсын», — деді спикер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz