үй Қазақстан жаңалықтары 200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы ...

200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы Кеше, 09:16

107
0

Көптеген қазақстандық 200 теңгелік банкноттардың айналымда жоғалып кеткенін байқады. Осыған байланысты Ұлттық банк пікір білдірді, — деп хабарлайды

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы
                Кеше, 09:16

Фото:depositphotos.com

Көптеген қазақстандық 200 теңгелік банкноттардың айналымда жоғалып кеткенін байқады. Осыған байланысты Ұлттық банк пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, мұндай номиналдағы жаңа банкноттар енді шығарылмайды.

«Номиналы 200 теңге болатын банкноттар мәселесі бойынша, Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналды құны 200 теңге болатын монеталарды айналымға шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық банк бұдан былай номиналы 200 теңге болатын жаңа банкноттар жасамайды. Айналыстағы осы номиналдағы банкноттар бойынша мерзім белгіленбеген және олар табиғи тозуына қарай алынып, номиналы 200 теңге монеталармен ауыстырылады», — делінген Ұлттық банктің Tengrinews.kz ресми суалына берген жауабында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк жаңа номиналды банкноттар мен монеталарды айналысқа шығару жоспарда жоқ екенін айтты.

«Банкноттар мен монеталардың қолданыстағы номиналды ассортименті қолма-қол ақша айналымының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz