Синоптиктер Қазақстанның 11 өңірінде көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке"
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото:depositphotos.com Синоптиктер Қазақстанның 11 өңірінде көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Қарағанды облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Ұлытау облысының түнде оңтүстігінде, күндіз орталығында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында екпіні — 15 м/с. Павлодар облысының солтүстік жартысында бұрқасын, тұман. Батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Шымкентте тұман түседі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с болады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






