Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейге барса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы депутат Telegram-арнасында жазды, — деп
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Айдос Сарым. Фото:parlam.kz Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейге барса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы депутат Telegram-арнасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат ресейлік журналист Тина Канделакиді Қазақстанда нон-грата персонасы деп тану туралы ақпаратқа жауап беріп, бұл дұрыс екенін айтты. «Мен өзім де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы деп танылғанмын. Елдің Федерал қауіпсіздік қызметі (ФСБ-еск.) маған ескерту жіберген, яғни шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға тап болуым мүмкін. Беларусьте де солай… Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ…», — дейді Айдос Сарым. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кірмейтінін айтқан болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz

