үй Қазақстан жаңалықтары Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды ...

Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды Кеше, 14:11

104
0

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды
                Кеше, 14:11

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Joint Technologies ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.

«Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын», — делінген хабарламада.

2023 жылғы қазандағы Forbes деректері бойынша, Joint Technologies ЖШС меншік иесі Тимур Құлыбаев болып табылатын «Кипрос» ЖШС-нің еншілес құрылымына тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz