ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
видео кадры ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап. «Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке «Келес ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады», — делінген хабарламада. ҚМА мәліметінеше, көрсетілген деректер бойынша соталды тергеп-тексеру басталған және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






